Қостанайдағы дәрігердің өлімі: Зәуреш Изалдина 25 жылға сотталды

17 Қараша 2017, 16:02
0
Қостанайдағы дәрігердің өлімі: Зәуреш Изалдина 25 жылға сотталды - Зәуреш Изалдина мен Рашида Сандыбаева.
Зәуреш Изалдина мен Рашида Сандыбаева.

Қостанайдағы арнайы сотта бұрынғы бас дәрігер Рашида Сандыбаеваның өліміне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Alau.kz.

Соттың үкімімен әріптесі Зәуреш Изалдина 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Руслан Гафаров 24 жылға сотталды, сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленетін болады. Іс материалдарына қарағанда, Болат Китебаев дәрігер Рашида Сандыбаеваға бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Ол 22 жылға сотталды, сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленетін болады. Ал өз кінәсін мойындаған Виктор Кодатенко 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, 20 ақпанда бас дәрігер Рашида Сандыбаева өлі табылған еді. Оған өз пәтерінде шабуыл жасалған. Оған белгісіздер 30 рет пышақ ұрған. Туыстары мен жақындарының айтуынша, жарақаты бұдан да көп болған. "Жәбірленушінің бетінен жарақаты көрініп тұрды, кастетпен ұрған сияқты. Денесінде сау жері жоқ. Рашида Қожахметқызының тойтарыс бергісі келгенін, босап шығуға әрекеттенгені көрініп тұр", - деді марқұмның құрбысы.  

Ал бір апта өткеннен кейін полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен үш адамды ұстады, олардың ішінде 1977 және 1991 жылғы екеуі қамауға алынды. Үшіншісі, бейресми мәлімет көздерінің сөзі бойынша, Талғар емханасының емделушісі екен. Қазіргі уақытта ол қамауға алынбаған. Күдіктілерді полицейлер бейнебақылау камералары арқылы тапқан. Кісі өлтіргеннен кейін екеуі қаладан қашып кеткен, олар Қарағандыдан ұсталды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай