01 наурыз 2017 10:43

Қостанайда дәрігерді өлтірді деген күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайдағы облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны жауыздықпен өлтірді деген үш күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицияның хабарлауы бойынша, арнайы жедел-тергеу тобы жедел-іздестіру шаралары кешенін өткізіп, жоғары санаттағы сот-психиатриялық сарапшы Рашида Сандыбаеваны өлтіру себептері мен механизмін анықтады. Үш күдікті ұсталып, ісін мойындайтын куәлік беріп отыр. 

"Қазір қылмыстық топтың өзге мүшелеріне айып тағып, тұтқындау мақсатында дәлелдерді қуаттау үшін тергеу жүріп жатыр" - деп нақтылады полицейлер. 

Еске салайық, Рашида Сандыбаева 20 ақпанда өз пәтерінен өлі табылған. Оған 30 жерден пышақ салғаны хабарланған болатын. Кейін оқиғаның мән-жайы анықталған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети