04 сәуір 2016 | 14:16

Қостанайдың экс-әкімі 15 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ахметбек Ахметжанов. © ng.kz Ахметбек Ахметжанов. © ng.kz

Қостанайдың экс-әкімі Ахметбек Ахметжановқа мемлекеттік айыптаушы 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, - деп хабарлайды "Наша газета". Қостанайдың №2 қалалық сотында "үлкен әкімдік ісі" бойынша тараптарды қатар тыңдау басталды.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанайдың экс-әкімі Ахметбек Ахметжановқа мемлекеттік айыптаушы 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, - деп хабарлайды "Наша газета". Қостанайдың №2 қалалық сотында "үлкен әкімдік ісі" бойынша тараптарды қатар тыңдау басталды.

Айыптаушы тарап сотталушылардың кінәсінің толықтай дәлелденгенін атап өтті. "Қылмыс ауыр қылмыстардың санатына жатады. Ерекше қоғамдық қауіпсіздік мемлекеттік аппараттың жеке құрылымдармен байланысуында, бұл жол беруге болмайтын жағдай. Ахметжанов қаражаттың бір бөлігін өз пайдасына бөлді, әкімдік болашақ үй салушылардың еркін жүріп-тұратын жеріне айналды", - деді прокурор Таңат Тасов.  

Ахметбек Ахметжановтың бұрынғы орынбасары Мақсұт Қалиев болса жалпы тәртіптегі колонияға 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Кәсіпкер Леонид Васильев прокурор 12 жыл түрмеге қамауды және басқарушы қызметтерге тұрудан өмір бойына тыйым салуды сұрады. 

Істің тағы бір фигуранты - "Құрылысметсервис-2007" ЖШС директоры Сергей Біктібаевқа мемлекеттік айыптаушы 11 жыл бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп, басқарушы қызметтерге тұруға өмір бойынша тыйым салу жазасын тағайындауды сұрады. "Сыл" ЖШС директоры Гагик Овнанян қатаң тәртіптегі колонияға 10 жылға қамалуы мүмкін.

Сонымен, Ахметбек Ахметжанов ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі ("Ірі сомада пара алу"), 24-бабының 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") бойынша айыпталып отыр. Мақсұт Қалиевке ҚР Қылмыстық кодексінің 368-бабының 2-бөлігі ("Парақорлыққа делдал болу") және 24-бабының 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") бойынша айып тағылды. Кәсіпкер Гагик Овнанян 367-баптың 4-бөлігі ("Пара беру") және 24-бабының 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") бойынша айыпталып отыр.

Еске салайық, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжанов 8 қыркүйек күні сағат 17.05-те қызметінен асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети