Тергеу Қостанай әкімдігіндегі қылмыстық істердің жүйесін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының басшысы Қостанайдың бұрынғы әкімінің ұсталуына қатысты түсінік берді.

"Сіздер білесіздер, Қостанай қаласының бұрынғы әкімі және оның орынбасары, ТКҚ бөлімінің басшысы соңғы бір жарым айда өз қызметтерін теріс пайдаланғандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Әңгіме 200 мың теңге мен 14 миллион теңге аралығындағы ақшада болып отыр. Тергеу мұның қаншалықты жүйелі түрде жүзеге асырылғанын анықтап жатыр. Біз осы қылмысқа қатысы бар барлық адамды анықтағымыз келеді. Сәдуақасовқа қатысты шағым түсті, шешім қабылданды", - деді Қожамжаров.
Бұрынғы әкімнің осы қылмысқа қатысы бар ма деген сұраққа Қожамжаров "тергеу енді ғана басталды" деп жауап берді.
Еске сала кетейік, Қостанайда қала басшылары бірінен кейін бірі кезекпен ұсталды. Ахметбек Ахметжанов 8 қыркүйек күні сағат 17.05-те қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Кейін ол кінәсін мойындады.