ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты корпорация директоры алаяқтық бойынша күдікке ілінді

13 Қараша, 17:13
0
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты корпорация директоры алаяқтық бойынша күдікке ілінді -

ҚР АШМ "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесіне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген хабарламада. 

Ол мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға теңестірілген бола отырып, өз құзыретіне кірмейтін шешімді қабылдағаны - Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік мүлік - элеваторды сату-сатып алу келісімшартын жасағаны үшін алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы "Интер-Агро" және "ИнтерАгроТрейд" ЖШС құрылтайшысы мен басшысына тиесілі бұрын келісілген 200 мың АҚШ долларынан 20 миллион теңгені иемденіп кеткен.

Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай