"Куәгерлер көзінше пышақтап тастаған". Сәтбаевтағы дәмханада 28 жастағы ер адам қаза болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қарашада Сәтбаевтағы дәмханалардың бірінде 28 жастағы жігіт қаза болды. Ол сан артериясына пышақ жарақатын алған. Марқұмның туыстары қылмыстық істің әділ тергелуін талап етіп, күдікті жазадан "құтылып кетеуі" мүмкін деп қауіптенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарашада Сәтбаевтағы дәмханалардың бірінде 28 жастағы жігіт қаза болды. Ол сан артериясына пышақ жарақатын алған. Марқұмның туыстары қылмыстық істің әділ тергелуін талап етіп, күдікті жазадан "құтылып кетеуі" мүмкін деп қауіптенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марқұм Дәулетбек Алтынбеков кафеге қызы үшін келген. Туыстарының айтуынша, ол келушілер арасынан бұрын жанжалдасып қалған күдіктіні байқап, мекемеден кетуді ұйғарған. Бірақ үлгермеген.

"Сол түннің жай-жапсарын бізге куәгерлер айтты. Күдікті бірінші болып шабуыл жасаған, өйткені олар бұрын жанжалдасып қалған. Шабуыл жасаушы бұған дейін де жауапқа тартылған, тіпті сотталған көрінеді. Сол түні ол Дәулетбекті ұрып-соғып қана қоймай, кафенің асханасынан әдейі пышақты алып шығып, ағамды жаралаған. Кафеде күзетшілер болмағандықтан, оған ешкім кедергі бола алмаған. Кейін онсыз да тынысы тарылып жатқан адамды ұра берген. Мұны куәгерлер айтты", - дейді Нышанкүл Топшақ.

Нышанкүл туысының өліміне қатысты тергеу нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты. Қыздың айтуынша, тергеу барысында тергеуші қылмыс әдейі жасалмағанына сендіруге тырысқан.

"Алғашында олар Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша істі тіркеді. Содан кейін тергеуші бұл адам өлтіру емес, абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру екенін айтты. Бірақ бұл мүлдем басқа баптар, жаза мерзімі әртүрлі. Бұл адам өлтіру екеніне сенімдіміз. Өкінішке қарай, дәмханадағы камералар жұмыс істемеген. Бірақ бұған куәгерлер куә. Алайда олардың айғақтары есепке алынбайды. Олар тіпті дұрыс бекітілмеген. Бізге бұл іс қайта сараланғанын, тіпті прокуратураға жіберілгенін ашық түрде айтты. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне арыз жаздык. Бас прокурор жауап хат жолдады. Ал Ішкі істер министрлігі тіпті жауап берген жоқ. Осы кезде күдіктінің ата-анасы келіп, анама батаға 5000 теңге берді. Ешқандай кешірім естіген жоқпыз", - деп қосты Нышанкүл.

Қарағанды ​​облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі марқұмның туыстарының шағымына қатысты пікір білдірді. Басқарма қылмыстық істі қайта саралау туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша тергеліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша күдіктіге қатысты айғақтарды жинауға бағытталған қосымша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, қылмыстың басқа да куәгерлерін анықтау шаралары жүргізіледі", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer