03 ақпан 2022 12:07

Сәтбаевтағы кафеде болған кісі өлтіру оқиғасы: іс сотқа жіберілді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәулетбек Алтынбековтің туыстары ұсынған фото Дәулетбек Алтынбековтің туыстары ұсынған фото

28 жастағы Дәулетбек Алтынбековтің өліміне қатысты қылмыстық іс Сәтбаев қалалық сотына жіберілді. Күдіктіге адам өлтіргені үшін емес, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айып тағылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


28 жастағы Дәулетбек Алтынбековтің өліміне қатысты қылмыстық іс Сәтбаев қалалық сотына жіберілді. Күдіктіге адам өлтіргені үшін емес, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айып тағылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл қылмыстық іс сотқа 1 ақпанда келіп түсті. Іс судья Гүлназ Жақсылықоваға берілді. Қазір судья іс материалдарымен танысып жатқаны айтылды. Негізгі сот талқылауы әлі тағайындалған жоқ.

Сонымен қатар, 25 қаңтарда Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тергеліп жатқанын айтты. Полиция бөлімі бастығының тергеу желісі бойынша орынбасары Тахир Дүйсембаев іс қалайша басқа бап бойынша сотта қаралып жатқанын түсіндіріп берді.                                                                                      

"Басында тергеу тобы оқиға орнына барып, пышақ жарақаты іздері бар мәйітті тапқан кезде әрі істің мән-жайы белгісіз кезде, бұл дерек "Кісі өлтіру" 99-бабы бойынша тіркелді. Бірақ тергеу және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау, куәгерлерден жауап алу барысында прокуратурамен келісілген түрде бұл бап "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" 106-бабының 3-бөлігіне қайта өзгерді. Бұл іс бойынша пікір білдіру сұралған кезде (25 қаңтар-шамамен авт.) Полиция департаментінің баспасөз қызметіне ҚР ҚК 99-бабында көрсетілген басындағы анықтама жіберілген", - деді Тахир Дүйсембаев.

Сондай-ақ, ол қылмыстық істің баптарын қайта қарау үшін нақты себептер болғанын айтты. Олардың бірі - күдікті жәбірленушіге өміріне қауіп төндірмейтін дене мүшесіне бір ғана пышақ жарақатын салуы. Спикерің айтуынша, күдікті ол жерде артерия бар екенін білмеуі мүмкін.

Жәбірленуші тарап тергеудің мұндай дәлелдерімен келіспейді. Олар күдіктінің кісі өлтіру ниеті бар екеніне сенімді.

"Ол алдымен шабуыл жасап, кафе асханасынан пышақ алып, оны 9 сантиметр көлемінде сұққан. Ол пышақпен тағы бірнеше жарақат салуы мүмкін еді, бірақ қонақтар тоқтатқан. Куәгерлердің бірі мұны растайды. Сонымен қатар, осыдан кейін де ол ұруды жалғастырған. Куәгерлер неге екені белгісіз бұл әрекетті тоқтатпаған. Содан кейін ол өз үстеліне тыныш барып отырған. Ағамды кафеге келгендердің бірі тауып алып, жедел жәрдем шақырған", - дейді марқұмның әпкесі Нышангүл Топшақ.

Айта кету керек, Дәулетбек Алтынбековке өлімге әкеп соғар жарақат салған кезде күдікті пробациялық бақылауда болған. 2020 жылы Сәтбаев қалалық соты оны қаланың басқа тұрғынының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сол кезде де күдікті жәбірленушіге кафеде пышақ жарақатын салған. Кездейсоқ куәгердің араласуының арқасында жәбірленуші тірі қалды. Ол ауруханаға көп пышақ жарақатын алып түсті.

Еске салайық, бұдан бұрын былтыр қарашада Сәтбаев қаласында кафеде 28 жастағы Дәулетбек Алтынбеков қайтыс болғаны хабарланған болатын. Оны пышақпен танысы жарақаттаған. Екеуінің қарым-қатынасында мәселе болған. Жәбірленуші көп қан жоғалтып, қайтыс болды. Марқұмның туыстары күдіктінің қасақана адам өлтіргені үшін сотталуын талап етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети