Күлекбаев жезөкшені қалай және не үшін өлтірген?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күлекбаев жезөкшені қалай және не үшін өлтірген? Руслан Күлекбаев. © Tengrinews.kz

Сотта Руслан Күлекбаевтің жезөкшені қалай және не үшін өлтіргені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотта Руслан Күлекбаевтің жезөкшені қалай және не үшін өлтіргені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шілдедегі теракт ісі бойынша сотталушы Руслан Күлекбаевтің жезөкшені террористік акт алдында, 18 шілдеде өлтіргені айтылды. Сол күні Руслан Күлекбаев қаруланып, Жансүгіров көшесіндегі "Аят" қонақүйіне барыпты. Қылмыстық істің материалдарына қарағанда, ер адам арнайы жезөкшелерді іздеген, себебі олардың ісін дұрыс емес деп ойлаған. 

Күлекбаев қонақүйді айналып, Киа Рио көлігін көрген, оның салонында екі жезөкше қыз отырған. Ол жүргізуші отыратын жағынан барып, терезені түсіруін сұраған. Күлекбаев осы кезде қаруын шығарып, қыздардың біріне оқ атқан. Жүргізуші мен бір қыз қашып құтылған. 

"Ол еңкейді де, оқ атты. Наргиза (қаза тапқан қыз - Авт) менің үстіме құлады. Мен жата бердім. Жүргізуші қашып кетті. Күлекбаев көлікке отырды да, кетіп қалды. Ол маған тапаншасын кезеді де, "Өліміңнің алдында тәубеңе кел, күнәһар!" деп айғайлады. Мен кешірім сұрай бастады. Менен кешірім сұрама, Аллахтан сұра!" деді", - деп айтып берді оқиғаны жәбірленуші Өмірзақова. Оның айтуынша, ол Күлекбаев көлікті бағдаршамдардың бірінде тоқтатқанда қашып кетіпті. "Тірі қалғаныма қуанамын", - деп қорытты сөзін әйел сотта.

Айта кетейік, мамандандырылған ауданаралық сотта Руслан Күлекбаевтің ісі бойынша сот өтіп жатыр. Осыған дейін Руслан Күлекбаевтің құрбаны бола жаздаған алматылық кәсіпкер оқиғасын баяндаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети