Күлекбаевқа өлім жазасы тағайындала ма? Бас прокуратура не дейді?

01 Қараша 2016, 11:36
0
Күлекбаевқа өлім жазасы тағайындала ма? Бас прокуратура не дейді? -

Қазақстанның Бас прокуратурасының өкілдері процессуалдық прокурордың соттан сотталушы Руслан Күлекбаевқа өлім жазасын тағайындау туралы өтінішіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президенттің 2003 жылдың 17 желтоқсанындағы № 1251 Жарлығы бойынша Қазақстанда өлім жазасын орындауға мараторий қойылған. Жарлық бойынша өлім жазасының барлық түрі тоқтатылды. Дегенмен заңнама соттарға қарастырып жатқан істер бойынша бұл айрықша жазаны тағайындауға тыйым салмайды. Соңғы рет сот өлім жазасына кескен үкім 2006 жылы, 10 жыл бұрын шығарылған", - делінген Бас прокуратураның ресми сауалға берген жауабында.

Сондай-ақ, ведомстводағылар Күлекбаев айыпталып жатқан Қылмыстық кодекстің 255-бабы бойынша үш түрлі жаза кесілуі мүмкін екенін атап өтті. "Он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыру, өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы. Жасалған қылмыстың аурылығын ескере отырып, мемлекеттік айып соттан ең қатаң жаза кесуді сұрайды", - делінген Бас прокуратураның жауабында.

Айта кетейік, 2 қарашада Алматыда Руслан Күлекбаев пен оның бес сыбайласына қатысты үкім шығарылады деп күтіледі. Сыбайластарына мемлекеттік айыптаушы 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай