Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Қырғызстан азаматы Қазақстанға жарты келі героин алып өтпек болды

27 Желтоқсан 2014, 16:39
0
"Ақжол" - "Қордай шекара тұрағы. ©Tengrinews.kz
"Ақжол" - "Қордай шекара тұрағы. ©Tengrinews.kz
Тәркіленген қаптың ішіндегі героин. "Қордай" шекара бақылауы
Тәркіленген қаптың ішіндегі героин. "Қордай" шекара бақылауы

"Қордай" шекара тұрағында Қырғызстан азаматы ұсталды. Ер адам жарты келіге жуық героин алып өтпек болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қордай" кедені басшысының орынбасары Бекен Нұрахметов хабарлады. 

Оның айтуынша, бір ер адам кедендік бақылау қызметкерлерінің күдігін туғызды. "Қырғызстан азаматын жеке тексеру барысында оның денесін іш тұсына оралған қара қап табылды. Қапта 495 грамм героин бар болып шықты", - деді Нұрахметов.

Ұсталған азаматқа қатысты "Айналымнан алынған заттар мен айналымына шектеу қойылған заттардың контрабандасы" және "Есірткі немесе естен тандыратын заттарды заңсыз дайындау, жасау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, беріп жіберу немесе сату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Еске сала кетейік, 2014 жылы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында шекаралық бақылау қызметкерлері Қырғызстанның 49 жастағы азаматын ұстаған болатын. Ол Mercedes-Benz көлігімен Қазақстанға қарай келе жатқан. Автокөлікті тексеру кезінде оның бамперінен скотчпен оралған 36 брикет табылды. Ұсталған азамат шамамен бір келіге жуық героин мен төрт келі гашиш алып өтпек болған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай