16 қыркүйек 2020 11:05

Қырғызстанмен шекарада ірі героин партиясы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© stopnark.ru © stopnark.ru

Қырғызстанмен шекарада ірі героин партиясы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.


Қырғызстанмен шекарада ірі героин партиясы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 14 қыркүйекте ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жедел департаменті және Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "Қарасу" шекаралық бекетінде Қырғыз Республикасының азаматы басқарған автокөлікті ұстады. Көліктің жүк салатын бөлігінде бал бар екі пластамасс ыдыс анықталды.

"Шелектің қос түбінде жасырын орындар орнатылып, мұнда жалпы салмағы 1872 грамм болатын ақшыл сары түсті заты бар 2 полиэтиленнен жасалған орама анықталды. Сараптама нәтижесіне сәйкес бұл зат героин болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды. Мұндай қылмысты жасағаны үшін жиырма жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети