19 ақпан 2016 17:22

Қыздарды сексуалдық құлдыққа БАӘ мен Бахрейнге жіберіп отырған сән агенттігінің директоры сотталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz Tengrinews.kz

Қарағандыда қыздарды сексуалдық құлдыққа БАӘ мен Бахрейнге жіберіп отырған сән агенттігінің директоры сотталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда қыздарды сексуалдық құлдыққа БАӘ мен Бахрейнге жіберіп отырған сән агенттігінің директоры сотталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметінің өкілі Әлия Жошева сотталушының өз кінәсін мойындап, ісіне өкінгенін айтып берген еді. Сот тыңдауына 21 жастағы сотталушының туыстары мен зардап шеккен екі адам қатысты. Зардап шеккендер өз аттарын атағысы келмеді, алайда сотталушының 10 жылдан бері жақын құрбысы болғанын, кейін оның жеке мақсаттарының құрбаны болғанын айтты. 

Зардап шеккендердің қорғаушысы Рашид Ефизовтың айтуынша, қыздар моральдық және материалдық шығынды өндіріп алғысы келеді. "Қорғауымдағылардың бірі 320 мың теңге көлемінде шығынын өтеп бергенін қалайды, ал екіншісі 1 047 000 теңге көлемінде өндіргісі келеді. Бұл сотталушының кінәлі екендігін көрсететін дәлелдерді есепке алғандағы талап. Егер сотталушы талаппен келісае, біз қарсы емеспіз, іс процессуалдық келісім бойынша қаралды", - деді адвокат Рашид Ефизов.

Еске салайық, сотталушы 2015 жылдың қарашасында Қарағандыда ұсталған болатын. Ол жас қарағандылық қыздарды шетел асырған деп айыпталды. Тергеу болжамынша, ол құрбандарына сән көрсетілімдері мен фотосессияларға қатыстыратынын айтұан. Алайда қыздар Бахрейн мен Араб Әмірліктеріндегі бордельдерінен бірақ шыққан. Директордың 16-22 жастағы қыздарды алдағаны хабарланған еді. Жауап алу кезінде ұсталған директор өз кінәсін мойындамаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети