Қызға таласып, адам өлтіргеннің ісі: Оқиғаның мән-жайы анықталды

03 Мамыр 2017, 13:38
0
Қызға таласып, адам өлтіргеннің ісі: Оқиғаның мән-жайы анықталды -

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жантүршігерлік қылмысты ашты. Қылмыскер қаладан шығайын деп жатқан жерінен автобуста ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның денесін Интернациональная көшесінің тұрғындары тапқан. Бұл туралы олар бірден полицейлерге хабарлаған. Бірақ ешқандай құжаттардың болмауына байланысты денені тану қиынға соққан. "Биыл Петропавлда бірінші рет жасалып отырған қылмысты СҚО ІІД басшысы, полицияның генерал-майор Берік Біләлов өз бақылауына алды. Ауыр қылмысты ашуға ІІД аппаратының жеке құрамы, Петропавлдың Ішкі істер басқармасы жұмылдырылды", - деді СҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Түні бойы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қылмыскер анықталды. Ол Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам оқиға орнынан Петерфельд ауылының өлтірілген 28 жастағы тұрғынының көлігімен кетіп қалған.

"Жедел қызметтегілер күдіктің соңынан түскен. Ол таңғы уақытта қоғамдық көлікке мінген кезде көзге түскен. СҚО ІІД криминалдық полициясы басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Әлібек Зейнулинов пен Петропавл қалалық ІІБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Жеңіс Нұртазин автобусқа кіріп, күдіктіні келесі аялдамадан ұстады", - деді Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін Петропавлда екі жігіттің қызға таласып, соңы өліммен аяқталғаны жайлы хабарланған болатын. 35 жасқа да толмаған жігіттер қыз үшін жанжалдасқан. Оның біреуі өзі сүйген қызын танысынан қызғанып, сол ауылдан көлікпен келіп, қарсыласымен ерегескен. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай