03 мамыр 2017 09:25

Петропавлда екі жігіт қызға таласып, соңы өліммен аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Өткен сенбіде Петропавлдың Черемушки ауданында пышақ жарақатынан қаза тапқан ер адамның мәйіті табылған. Жігітті жолдың бойында келе жатып, көліктен лақтырып жіберген. Бұл туралы pkzsk.info порталына өз дереккөздері хабарлаған. 

Басылымның мәліметінше, 35 жасқа да толмаған жігіттер қыз үшін жанжалдасқан. Оның біреуі өзі сүйген қызын танысынан қызғанып, сол ауылдан көлікпен келіп, қарсыласымен ерегескен. 

Жанжал соңында қызын қызғанған жігіттің жүрек тұсына пышақ қадалған. "Қаскүнем оның қансыраған денесін ауылдағы көшелердің біріне лақтырып кетіп, қаза тапқан адамның көлігін жүргізіп кеткен. Кейінірек ол өзінің не істегенін түсініп, көлікті Новопаловка ауданында тастап кеткен. Қаза тапқан ер адамның телефонымен қалаға автобуспен кетпекші болған. Ол уақыттың ішінде полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, оны ұстаған", - делінген мақалада. Істің басқа да мәліметтері жазылмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети