04 маусым 2014 | 14:49

Қызметтесін атқан полицей бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Mail.ru ©Mail.ru

Қордай аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары Әбілхан Өтебаев өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қордай аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары Әбілхан Өтебаев өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, Әбілхан Өтебаев өз қарамағындағы қызметкерге кәуап пісіретін пеш пен шампурлерді беруді талап еткен, қызметкер айтқанын орындамаған кезде оны травматикалық тапаншамен аяғынан атқан. Прокуратураның мәліметінше, учаскелік полицей Ернұр Мәлдеханов кейін Өтебаевқа сұрағанын әкеліп берсе де, сотталушы оның соңына түсе бастаған. Мәлдеханов досының үйінен келе жатқанда оны Өтебаев бастаған полицияның жедел тобы ұстап, алкогольден мас екенін куәландыруға алып кетеді. Сол кезде инспектор полиция орынбасарының үстінен арыз жазады. Өкілеттігін асыра пайдаланған Өтебаев тұтқындалады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Өтебаев Қылмыстық кодекстің 308-бабының "а", "б" тармақтарында қарастырылған ("Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану") қылмысты жасады. Ол бас бостандығынан алты жылға және мемлекеттік лауазымды иелену құқығынан үш жылға айырылды. Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 200 мың теңге де өндірілді. "Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған үкім шығарылғаннан 15 күн ішінде шағым келтірілуі мүмкін", - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети