20 шілде 2018 12:58

Қызылорда облысында 13 жастағы қызды зорлап өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Шалқия ауылында 13 жастағы қызды зорлап өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Шалқия ауылында 13 жастағы қызды зорлап өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

31 жастағы ауыл тұрғыны қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Құрбан болған қыз анасы және әпкелерімен бірге ауылдағы ескі бес қабатты үйлердің бірінде тұрған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қылмыс жасалған уақытта қыз үйде жалғыз болған. Анасы жұмыста болған. Қаскөй осы жағдайды пайдаланған. Ол қызды зорлап, кірпішпен басынан ұрып өлтірген. Күдікті дереу ұсталды. Ол сол ауылда анасымен бірге тұрған. Еш жерде жұмыс істемеген, Қызылорда облыстық ІІД мәліметінше, бұрындары ұрлық үшін сотты болған. 

"Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Тергеу құпиялылығына байланысты толық мәлімет бере алмаймыз. Жағдай бақылауда", - деді Қызылорда облыстық ІІД тергеу басқармасының басшысы Әбдібек Жаназаров.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети