28 қаңтар 2020 17:16

Қызылорда облысында басқарма басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, -  деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. 

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы" ММ басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Ол жалпы қамқорлығы мен орындалған жұмыс актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден параны карта шоты арқылы едәуір мөлшерде алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасады. Күдіктінің кінә дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети