06 сәуір 2015 | 10:21

Қызылорда тұрғыны марихуананы шырпы қорабымен 2000 теңгеге сатып жүрген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©1news.az ©1news.az

Қызылорда тұрғыны марихуананы шырпы қорабымен 2000 теңгеге сатқаны үшін 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда тұрғыны марихуананы шырпы қорабымен 2000 теңгеге сатқаны үшін 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қызылорда облысы ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі затын өткізумен айналысқан 1987 жылы туылған Арал қаласының тұрғынын анықтады.
Осы  жылдың қаңтар айында жоғарыда аталған азамат марихуана есірткі затын шырпы қорапшаларына салып, 2000 теңгеден сатып жүрген жерінен ұсталған", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, ұсталған азаматтың үстінен ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес, яғни есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізуге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның нәтижесінде ол соттың үкіміне сәйкес 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қызылорда полицейлері есірткі затына байланысты 70 заң бұзушылықты анықтады. Еске салайық, биылғы қаңтардың басында Қызылорда облысында қарасора өсірген үш адамға қатысты сот үкімі шыққан болатын. Сот үкімі бойынша, қылмысты ұйымдастырған азаматтың 13 жылға, ал қалған екеуінің 11 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети