30 шілде 2018 | 17:07

Қызылордада 3-сынып оқушысы зорланды: көршілер оқиғаның мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © grifoninfo.ru Иллюстрация © grifoninfo.ru

Қызылорда облысында анасын өлтіріп, үшінші сыныпта оқитын қызын зорлаған отбасының көршілері оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қызылорда облысында анасын өлтіріп, үшінші сыныпта оқитын қызын зорлаған отбасының көршілері оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жергілікті тұрғынның айтуынша, отбасы толық әрі жақсы болған. Зардап шеккен 9 жастағы қыздың ата-анасы қолдарынан келгенше көршілеріне көмектесіп жүріпті.

"Қайтыс болған әйелді өзім жерледім. Ақша жинап, жерледік. Шабуыл жасаған адам осыдан екі жыл бұрын сол үйде тұрған. Оның балық аулайтын тор сияқты бір заты болған. Ол балық аулауға келіп, көшеде ішіп, кешке үйге басып кірді. Ол әйелді буындырып, қызды зорлаған. Жолдасы өтініш жасады - мен Астанадан келгенше дайындала беріңдер деді. Өзіміз саяжайға жерледік. Олар өз бетінше тұрды - жолдасы, әйелі және қызы. Үшеуі. Жақсы қарым-қатынаста болды, өтінсең көмектесетін. Жолдасы құрылыс жағынан бәріне жәрдемдесетін. Қайтыс болған әйел үй шаруасында еді, 1969 жылы туған. Жолдасы ақша табу үшін Астанаға кеткен. Барлығы сол кезде болды", - деді жергілікті тұрғын Гуля.    

Әйелдің айтуынша, қызды зорлаған күдікті психдиспансерде есепте тұр деген сыбыс бар.

"Бәрі арақ үшін. Шабуылдаған ер адам әйел мен қызы тұрған саяжайға жақын жерде ағаш түбінде тағы біреумен арақ ішіп отырған. Екіншісі кетіп қалып, біраз уақыттан кейін қайта оралыпты. Үйге кірсе - әйелді өлтіріп, қызды зорлапты. Ол шығып, полиция шақырған. Осы жағдай. Балаға тап бергені психбольницада есепте тұр екен. Мен солай естідім", - деді әйел.

Сонымен қатар, көршілердің айтуынша, бала қазір кәмелетке толмағандарға арналған оңалту орталығында жатыр.

Еске сала кетейік, 4 шілдеде "Ягодка" саяжайында белгісіз біреулер 3-сыныптың оқушысын зорлап, ал анасын өлтіріп кеткен болатын. Ал қыздың әкесі ол уақытта Астанада жұмыс істеп жүрген. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 120 және 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети