1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қызылордада жоғалған бизнесменге қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр

Тынымбай Баженов. © Видеодан алынған кадр, astana.tv Тынымбай Баженов. © Видеодан алынған кадр, astana.tv

Қызылордада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бизнесменге қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бизнесмен әлі табылған жоқ, бірақ 24 қаңтарда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарына құтқарушылардың да көмектесіп жатқаны айтылады.

Еске салайық, мұның алдында Қызылордада 72 жастағы бизнесменнің жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған еді. Тынымбай Баженов таңғы сағат 5-те күнделікті серуендеуге шығып, сол күйі үйге оралмаған. Бизнесменнің туыстарының айтуынша, ол әдетте үйден телефонсыз шықпайтын. Алайда сол күні телефонын үйде қалдырып кеткен екен.