09 маусым 2022 08:38

Қызылордада тұрғындарға 4,3 миллион теңге шығын келтірген алаяқ ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Қызылорданың бес тұрғыны Оңтүстік Кореяға виза алуға көмектесемін деген алаяққа сеніп, ақшасынан айырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Қызылорданың бес тұрғыны Оңтүстік Кореяға виза алуға көмектесемін деген алаяққа сеніп, ақшасынан айырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 5 маусымда қалалық полицияға 49 жастағы әйел алаяқтық дерегі бойынша арызбен жүгінген.

Бейтаныс әйел жәбірленушіден алаяқтық жолмен 1 миллион 500 мың теңге алғаны белгілі болды. Ол екі баласына Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұруға виза алуға көмектесемін деп уәде берген.

Кейін дәл осындай алаяқтық дерегі бойынша полицияға тағы төрт жәбірленуші арызданған.

Белгісіз әйел сенімге кіріп, шетелге виза алу мәселесін шешіп бермек болған. Әр жәбірленушіден 700 мың теңге алған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 миллион 300 мың теңге болды.

Қызылорда полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Күдікті алған ақшаны өз қажетіне жұмсағаны белгілі болды.

Бүгінде бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети