Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қызылордалық тұрғынға Facebook-те жала жапқаны үшін айыппұл салынды 01 қазан 2022, 13:30

Қызылорда облысының Қазалы аудандық соты эфирде көрінеу жалған ақпарат таратқан аудан тұрғынын 428 820 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

© elements.envato.com © elements.envato.com

Қызылорда облысының Қазалы аудандық соты эфирде көрінеу жалған ақпарат таратқан аудан тұрғынын 428 820 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта Д. есімді әйел Facebook желісінде тікелей эфирде Т. есімді ер адамның 2019 жылы пара алғанын, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағанын хабарлағаны мәлім болды.

"Осылайша ол әдейі жалған ақпарат таратқан. Ер адам сотқа арыз жазды", - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.

Оның Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 3-бөлігі бойынша "Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу" Д. есімді әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалды. 2022 жылғы 30 қыркүйекте іс аудандық сотта қаралды.

"Сот Д. есімді әйелді ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Бірақ жеңілдететін мән-жайлар ретінде әйелдің бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын ескере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 829-11-бабы 2-бөлігі бойынша 200 айлық есептік көрсеткіш немесе 612 600 теңге айыппұл отыз пайызға азайтылды, 428 820 теңге", - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

"Сот шешімімен келіспеген тарап шешім шығарылған күннен бастап он күн ішінде Қызылорда облыстық сотына апелляциялық шағым түсіруге құқылы", - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram