05 маусым 2023 17:54

"Қызыңыз апатқа ұшырады". Павлодарлық зейнеткер алаяқтарға 13 миллион теңге берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Павлодар облысында зейнеткер алаяққа алданып, 13 миллион теңгесінен айырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Павлодар облысында зейнеткер алаяққа алданып, 13 миллион теңгесінен айырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сіздің ұлыңыз, қызыңыз, немесе немереңіз апатқа ұшырады немесе полицияда" деген ескі алаяқтық схемасы әлі де қолданылады. Телефон алаяқтары оңай алданатын, туысқандарының амандығы үшін бәріне дайын қарт адамдарға хабарласады.

Мәселен, 3 маусымда түстен кейін белгісіз ер адам 90 жастағы зейнеткердің қалалық телефонына қоңырау шалып, "Қызыңыз апатқа ұшырап, адамды қағып кетті. Қызыңыз әртүрлі жарақаттармен ауруханада жатыр. Оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау туралы мәселені шешу үшін сіз ақша аударуыңыз керек" деген сылтаумен хабарласқан. Алаяқтар қаражатты Руслан есімді жігіт алып кететінін айтқан. Біраз уақыттан кейін зейнеткердің үй телефонына қобалжыған дауыспен "апатқа ұшырадым, маған шұғыл түрде 20 миллион теңге көлемінде ақша керек" деген қызының дауысына ұқсас әйел хабарласады. Зейнеткер қоңырау шалған адамның дауысын ажырата алмай, қызының шынымен қиын жағдайға тап болғанына сеніп қалды.

"Зейнеткер жинақтары мен зейнетақысынан 13 миллион теңге сомасында қаражатты жинаған. Көп ұзамай олар есікті қағады, белгісіз адам кіріп, өзін Русланмын деп таныстырған. Ақшаны санап, алып кетеді. Қазіргі уақытта белгісіз тұлғалардың жеке басын және орналасқан жерін анықтауға жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Павлодар облысының жеке құрамы бағдарланған", – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

Жыл басынан бері жалпы 25 млн теңге қаражат берген тоғыз павлодарлық осындай схема бойынша алаяқтардың "қармағына" түскен. Барлық дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети