"Лашын" тобы мен такси жүргізушісінен Есентаевтың ісі бойынша сотта жауап алынады

18 Қазан 2016, 17:27
0
"Лашын" тобы мен такси жүргізушісінен Есентаевтың ісі бойынша сотта жауап алынады - "Лашын" тобы
"Лашын" тобы

"Лашын" тобы мен такси жүргізушісінен Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша сотта жауап алынады. Бұл туралы сотталушының қорғаушы тараптың өкілдері мәлімдеді, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сотталушының адвокаты Мұхтар Мырзатай келесі сот отырысының ертеңге, яғни 19 қазанға, сағат 14.00-ге белгіленгенін хабарлады. Куәгер ретінде сот "Лашын" тобын, Баян Мақсатқысы отырған такси жүргізушісін және Бақытбек Есентаевтың жиенін шақыртты. 

Адвокаттың айтуынша, сот әділ өтіп жатыр, барлық тараптың сөз сөйлеуге мүмкіндігі бар. Бүгін 12 алқа би таңдалды. 

Осыған дейін Талдықорғанда Баян Мақсатқызының күйеуіне қатысты сот отырысына алқа билерін іріктеудің басталғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, Баян Мақсатқызы 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 

Ер адам ұсталып, Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Кейін ІІБ өкілдері медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Бақытбек Есентаевтың мас болғанын айтты. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. Іс "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Есентаева ауруханада 10 күн болды, бірақ үйіне шыққаннан кейін де амбулатор тәртібінде ем алды. 

Ал кейін Баян Есентаева жұртты дүрліктірген оқиғадан кейін бірінші рет сұхбат берді. "Командир такси" өкілдері Баян Есентаеваны ұрып-соғу кезінде жүргізушінің әрекетіне түсінік берген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай