27 мамыр 2021 | 11:36

Mad Men тобының мүшелері ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деп айыпталды

Видеодан алынған

Қазақстандық танымал Mad Men тобының мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген айып тағылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық танымал Mad Men тобының мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген айып тағылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметі бойынша, тұрақты есірткі желісі бір ай бұрын жойылған. Оның құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам болған. Топты 27 жастағы Х басқарады.

"Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің көзіне Х. есімді ер адам 2020 жылдың қыркүйегінде түскен. Қолда бар жедел мәліметтерге сәйкес, топтағы адам бір жыл бойы Алматыда синтетикалық есірткіні өндіру және сатумен айналысқан. Х. есімді ер адам және оның "көмекшілерінің" қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталған. Оның әр көмекшісінің рөлдері нақты қойылған. Мысалы, логистикалық компания арқылы Ресей Федерациясынан синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттерді жеткізуге үш адам жауап береді. Олардың бірі қыз, екі жас жігіт – касса қызметі, өтінімдер қабылдау және есірткіні тарататындарға жауап береді. Тағы төрт ер адам – есірткі таратушылар қаланың Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында жүрген", - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Реклама
Реклама

Іске қатысы бар күдіктілерге ҚР ҚК-ның 262-бабы 1 және 2-бөлігінде көзделген ҰҚТ құру және оған басшылық ету дерегі бойынша айып тағылған. Күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы полициясы синтетикалық есірткі өндірумен және сатумен айналысты деген күдікпен бір топ адамды ұстағаны хабарланған болатын. Олардың қатарында жастар арасында танымал Mad Men тобының солисі бар деген ақпарат шықты. Кейін тәртіп сақшылары есіртікі қылмысына қатысы бар 10 адамның екеуі Mad Men тобының әншісі екенін растады.

Mad Men Q-рор тобының ұсталған әншілері 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная