14 қазан 2016 | 09:24

Макс Боқаев пен Талғат Аянның сотына Тоқтар Төлешов те қатысатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Otyrar.kz © Otyrar.kz

Атырауда 24 сәуірде митинг өткізген Макс Боқаев пен Талғат Аян есімді азаматтық белсінділерге қатысты өткен сотта сотталушылардың бірінің адвокаты сотқа куәгер ретінде шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовті шақыруды сұраған болатын. Осылайша судья Төлешовтің сотқа куәгер ретінде қатысып, отырысқа жеткізілетінін хабарлады, - деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.


Иконка комментария блок соц сети

Атырауда 24 сәуірде митинг өткізген Макс Боқаев пен Талғат Аян есімді азаматтық белсінділерге қатысты өткен сотта сотталушылардың бірінің адвокаты сотқа куәгер ретінде шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовті шақыруды сұраған болатын. Осылайша судья Төлешовтің сотқа куәгер ретінде қатысып, отырысқа жеткізілетінін хабарлады, - деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Сотқа бірқатар лауазымды тұлғаны шақырту өтінілген. Алайда сотқа министрліктегілерді шақыру туралы ұсынысты судья Гүлнар Дәулешова қанағаттандырмады.

Сонымен қатар, сот сотталушылардың адвокаттарының оларды үй қамауына немесе елден сыртқа шықпауға қолхат жаздырып алу арқылы босату туралы өтініштерін де қанағаттандырмады.

Айта кетейік, адвокаттар соттан Боқаевтың денсаулығын ескеруді сұрады - ол бұрыннан бері созылмалы бауыр ауруымен және С гепатитімен ауырады екен. 

13 қазанда өткен сот отырысында прокурор жарты сағат уақыттай айыптау актісін оқыған болатын. Содан судья сотталушыларға "Сіздер тағылған айыптарды түсініп отырсыздар ма?" деген сұраққа сотталушы Боқаев "Жоқ" деп жауап берген. Сот қойған бес сұраққа да, Боқаев "Жоқ" деп қайта айтқан.

Отырыстағы үзілістен соң кездейсоқ ұсыныс айтылды. Судья Гүлнар Дәулешова екі сотталушыға да олардың прокурорлармен процессуалдық келісім жасасуға құқығы бар екенін айтып, түсіндірді. Осы арқылы сотталушыларға өз кінәсін мойындап, жазасын жеңілдете алатын еді. Алайда Боқаев пен Аян судьяның бұл ұсынысынан бас тартты.

Айта кетейік, 17 қазанда сот куәгерлерден жауап ала бастайды. Осыған дейін Атырауда жер мәселелері бойынша митинг ұйымдастырушылардың соты өтіп жатқаны хабарланған болатын.

Еске салайық, сол уақытта алаңға Макс пен Талғатпен қатар мыңдаған адам шыққан болатын. Алайда қала әкімдігі митинг өткізуге ресми түрде тыйым салған еді. Кейін - 18 мамырда Макс пен Талғат, олардың бірнеше жақтаушысы заңсыз митингке қатысуға шақырды деп қамауға алынған болатын. 24 мамырда Аян мен Боқаевқа қатысты соталды тергеудің басталғаны белгілі болды.  

Ал 3 маусымда Атырау қалалық №2 соты Макс пен Талғатқа қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети