12 қазан 2016 16:11

Атырауда жер мәселелері бойынша митинг ұйымдастырушылардың соты өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Azattyg.org © Azattyg.org

Бүгін, 12 қазанда Атыраудағы №2 қалалық сотта азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның атышулы ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтіп жатыр. Олар 24 сәуірде жер реформасына байланысты минтинг өткізген еді. 


Бүгін, 12 қазанда Атыраудағы №2 қалалық сотта азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның атышулы ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтіп жатыр. Олар 24 сәуірде жер реформасына байланысты минтинг өткізген еді. 

Сот залынан Tengrinews.kz тілшісі ер адамдардың ҚР Қылмыстық кодексінің "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру", "Қоғамдық шара өткізудегі көрінеу жалған ақпарат тарату" және "Жиналыстарды, митингілердi, пикеттерді, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу" баптары бойынша айыпталып жатқанын хабарлады. Азаматтық белсенділердің сотын судья Гүлнар Дәулешова жүргізеді. Сотта халықаралық бақылаушылар қатысып отыр. 

Қылмыстық істің ұсынылған материалдарында айыптау куәгерлерінің тізімінде - 236 адам, қорғаушылардың куәгерлері - 13 адам. Осы іс бойынша бірінші отырыстың таңғы бөлігінде Талғат Аянның адвокаты Төлепқали Аянов процессуалдық ережебұзушылықтар бар деп, судья Дәулешованың қызметіне қарсылық білдіру туралы өтініш берді.   

Еске салайық, сол уақытта алаңға Макс пен Талғатпен қатар мыңдаған адам шыққан болатын. Алайда қала әкімдігі митинг өткізуге ресми түрде тыйым салған еді. Кейін - 18 мамырда Макс пен Талғат, олардың бірнеше жақтаушысы заңсыз митингке қатысуға шақырды деп қамауға алынған болатын. 24 мамырда Аян мен Боқаевқа қатысты соталды тергеудің басталғаны белгілі болды.  

Ал 3 маусымда Атырау қалалық №2 соты Макс пен Талғатқа қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети