12 желтоқсан 2014 | 19:35

Мақсат Үсеновтің әрекетінен зардап шеккен әйел оның үстінен шағымданбады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Мақсат Үсеновтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен әйел оған қарсы сотқа арызданған жоқ. Бұл жөнінде ҚР Жоғарғы соты Tengrinews.kz-тің ресми сауалына қайтарған жауабында айтты. Мамандардың айтуынша, жол-көлік оқиғасын қайталап, медициналық айғақтаудан бас тартқаны үшін Мақсат Үсенов 20 күн қамауда отырып жазасын өтеді және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамағаны үшін көлік жүргізу құқынан тоғыз айға айырылды.


Иконка комментария блок соц сети

Мақсат Үсеновтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен әйел оған қарсы сотқа арызданған жоқ. Бұл жөнінде ҚР Жоғарғы соты Tengrinews.kz-тің ресми сауалына қайтарған жауабында айтты. Мамандардың айтуынша, жол-көлік оқиғасын қайталап, медициналық айғақтаудан бас тартқаны үшін Мақсат Үсенов 20 күн қамауда отырып жазасын өтеді және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамағаны үшін көлік жүргізу құқынан тоғыз айға айырылды.

Жоғарғы сот мәлімдемесі бойынша, Үсенов көлік басқару құқығынан 2018 жылға дейін айырылды. "Мақсат Үсеновке қатысты бұған дейін шығарылған сот үкімдеріне сәйкес, ол көлік жүргізу құқығынан 3 жыл 9 айға айырылды (яғни 2018 жылға дейін). Зардап шеккен әйелден оған қатысты арыз түскен жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Олардың айтуынша, егер Бас прокурор мен оның орынбасарлары наразылық білдіретін болса, Жоғарғы соттың шыққан шешімді қайта қарап шығуға құқығы бар. "Бүгінге дейін Мақсат Үсеновке қатысты шығарылған шешімге Бас прокуратура наразылық білдірген жоқ", - дейді мамандар.

Еске сала кетейік, 5 желтоқсанда Мақсат Үсенов тағы тоғыз айға көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын. Үкімді Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық соты қабылдады. Айыпталушы отырысқа қатысқан жоқ. Екінші жол көлік оқиғасы Алматы қаласында 15 қарашада болды. Ол Mercedes автокөлігімен қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota RAV4 көлігімен соқтығысты, рульде 38 жастағы әйел адам болған. Ол басынан жарақат алды. Аталған факт бойынша медициналық сараптама жүргізілді. Ал Мақсат Үсенов жол-көлік оқиғасы орнында болғанын жасырғысы келді. Ол жолаушы орнына ауысып, сотта көлікті басқарған басқа адам болатын, деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың соңында Мақсат Үсенов BMW X6 автокөлігімен алты адамды қағып кетті. Олардың біреуі қайтыс болды. Айыптыға қаза болған адамның отбасы кешірім берді. Айта кетейік, зардап шеккендердің де шығыны төленді және олар шағымданудан бас тартты. Бірақ ол зардап шеккендердің денсаулығына жеңіл және орташа зиян келтіргені үшін үш жылға көлік жүргізу құқынан айырылды. Сондай-ақ оған айыппұл салынды.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети