18 қараша 2014 11:59

Мақсат Үсенов жасаған жол-көлік оқиғасынан зардап шегушінің жарақат деңгейі анықталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Үсенов. ©tv7.kz Мақсат Үсенов. ©tv7.kz

Мақсат Үсеновтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша 38 жастағы зардап шегуші әйелдің дене жарақаттарының деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек брифингте айтты.


Мақсат Үсеновтің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша 38 жастағы зардап шегуші әйелдің дене жарақаттарының деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек брифингте айтты.

"RAV4 автокөлігінің жүргізушісі алған дене жарақаттары деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сараптама аяқталғаннан кейін құқықтық баға беріледі, кейін іс жүргізу шешімі шығарылады. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр", - деді ол.

Мақсат Үсеновтің ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 471-бабының 7-бөлігі - "Ішкі істер орган қызметкерлерінің талабын орындамау ... алкоголь, есірткі және (немесе) токсикомандық мастық жағдайына тексерілу жөніндегі дәрігерлік куәландырудан жалтару" бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынғаны бұған дейін хабарланған болатын. Қалалық соттың мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан соң ол бірден артқы орындыққа ауысып отырған. Процесс барысында Мақсат Үсенов өз кінәсін мойындамай, рульде басқа адам болғанын айтты.

Еске сала кетейік, Мақсат Үсенов 15 қараша күні Алматыда тағы да жол-көлік оқиғасына жол берген еді. Ол Mercedes көлігімен RAV4 автокөлігіне соғылды. Джипте отырған әйел миы шайқалып, ауруханаға түсті. Ол сол күні ауруханадан шығарылды.

2013 жылдың соңында Мақсат Үсенов BMW X6 көлігімен алты адамды қағып кеткен еді. Олардың бірі қайтыс болды. Бес адам жарақат алды. Бұл дерек бойынша іс сотқа жетпеді. Тараптардың ымыраласуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Жол апатына кінәлі Үсенов 45 тәулікке қамалып, 2017 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Кейін бұл құқықтан тағы бір жылға айырылды. Шығынның өндірілуіне байланысты жәбірленуші тарап кінә қоюдан бас тартты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети