15 қараша 2014 13:36

Мақсат Үсенов тағы да жол апатын жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz сайтының иллюстрациясы Тengrinews.kz сайтының иллюстрациясы

"Мақсат Үсенов тағы да жол апатын жасады" деп хабарлайды tengrinews.kz Алматы қаласы ІІД-ге сілтеме жасап.


"Мақсат Үсенов тағы да жол апатын жасады" деп хабарлайды tengrinews.kz Алматы қаласы ІІД-ге сілтеме жасап.

"Оқиға бүгін таңғы 08 сағат 40 минутта Байқадамов көшесінен оңтүстігінде Гагарин көшесінің бойында орын алды. "Mersedes" көлігімен оңтүстік бағытта бара жатқан Мақсат Үсенов жолдың қарсы бағытына шығып, рұқсат етілген жерден солға бұрылып бара жатқан "Toyota RAV-4" көлігін соққан" делінген департамент сайтында.

Апат салдарынан "Toyota RAV-4" көлігінің жүргізушісі 38 жастағы әйел азамат зардап шеккен. Ол бас жарақатымен 7-ші қалалық ауруханаға жеткізілді.

"Қазіргі уақытта азамат Үсенов потрульдік экипажбен медициналық тексеруден өткізуге жөнетілген. Полиция тексеру жұмыстарына кірісті. Тексеру қортындысы бойынша жол-көлік апатының барлық жағдайы анықталатын болады" делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылдың соңында Мақсат Үсенов өзінің BMW X6 маркалы көлігімен 6 жүргіншіні қағып, оқиға орынынан қашып кеткен. Зардап шеккен жүргіншілердің бірі оқиға орнында көз жұмған еді. Сол оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанмен соңынан «тараптар келісті» деп іс жабылған болатын. Алайда, істі қайта қараған сот 2014 жылы 4 ақпанда Мақсат Үсеновті 45 тәулікке қамау туралы үкім шығарды. Сонымен қоса, оны екі жыл көлік басқару құқығынан айырды. Кейінірек көлік басқару құқығынан айыру мерзімін тағы екі жылға ұзартқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети