31 шілде 2019 11:00

Маңғыстау облысында арнайы операция: 8 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет КТК арнасынан Сурет КТК арнасынан

Ақтау қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 30 шілдеде ҰҚК және ІІМ қызметкерлері ұстаған қылмыстық топтың сегіз мүшесі үшін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады, - деп хабарлайды "Лада". 


Ақтау қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 30 шілдеде ҰҚК және ІІМ қызметкерлері ұстаған қылмыстық топтың сегіз мүшесі үшін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады, - деп хабарлайды "Лада". 

"Ақтау қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 30 шілдеде Маңғыстау өңіріндегі қылмыс әлемінің сегіз мүшесі А. Айткалиев, Е. Аркыбай, Ж. Жаңбырбаев, Р. Жексенбаев, Е. Зорбай, Ж. Базарбаев, Д. Бимырза және С. Кенғановқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - делінген ҚР ҰҚК баспасөз хабарламасында. 

Тінту шараларымен тұрғылықты жерлері бойынша және ұсталғандардың өзімен бірге ТТ және Макаров тапаншалары, дыбыс бәсеңдеткіші бар револьвер, "Сайга" мылтығы, үш травматикалық тапанша, тоғыз кесілген мылтық, оларға 160-тан аса оқ-дәрілер, есірткі қзаттары, түрлі суық қару, сондай-ақ 5,6 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат табылды.

Еске салайық, 29 шілдеде ҰҚК мен Маңғыстау облысы ІІМ-мен бірлесіп қылмыстық топтың жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети