27 сәуір 2021 12:28

Маңғыстау облысында екі полицей браконьерлікпен айналысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © lada.kz Фото © lada.kz

Маңғыстау облысында браконьерлікпен айналысқан екі полиция қызметкері жұмыстан шығарылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Маңғыстау облысында браконьерлікпен айналысқан екі полиция қызметкері жұмыстан шығарылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Браконьерлердің "ізіне түскен" оқиға 23 сәуір болған. Табиғатты қорғау инспекторлары заңды талапқа бағынбаған Toyota Hilux маркалы көлігін тоқтатуға тырысқан.

"2021 жылдың 26 сәуірінде әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында браконьерлердің ізіне түскен видео таралды. Олардың арасында ішкі істер органының екі қызметкері болған. Қазір олар қызметінен босатылды.

Біздің қатарымызда мұндай қызметкерлерге орын жоқ. Браконьерлік бойынша бірде-бір факт жазасыз қалмайтынын, ал қылмыскер қарапайым адам немесе Құқық қорғау органдары қызметкері болғанына қарамастан жазаланады. Заң барлығына бірдей", - деп жазды облыстық полиция бастығы Facebook-парақшасында.

Назар аударыңыз, видеода балағат сөздер айтылады!

Соңында инспекторлар жол талғамайтын көлікті тоқтатқан. Тексеру барысында автокөлік салонында төрт адам және оқ-дәрісі бар аңшылық мылтық болғаны анықталған. Сонымен қатар, жақын маңнан арқардың қаңқасы табылған.

Ақтау тұрғынының ақпараты бойынша, ұсталғандардың екеуі Маңғыстау ауданының учаскелік полиция инспекторлары болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети