27 шілде 2022 09:29

Маңғыстауда жол үстіндегі жанжал адам өлімімен аяқталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:  lada.kz Фото: lada.kz

Маңғыстауда жол бермегені үшін ашуға булыққан көлік жүргізушілері бір-бірімен жанжалдасып, артынша бірі екіншісін ұрып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.


Маңғыстауда жол бермегені үшін ашуға булыққан көлік жүргізушілері бір-бірімен жанжалдасып, артынша бірі екіншісін ұрып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.

Оқиға 22 шілдеде сағат 20:15 шамасында Мұнайлы ауданының Жаңа Дәулет кентінде болған.

Маңғыстаудағы облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, 35 жастағы күдікті 67 жастағы ер адамды дене жарақатымен жол жиегіне тастап кеткен.

"Алдын ала болжам бойынша, екі жүргізуші бір-біріне жол бермей, араларында жанжал туындаған. Күдікті эмоцияға бой алдырып, көліктен шығып, 67 жастағы жүргізушіні ұрып-соққан. Алған жарақаттарынан кейін жәбірленуші сол жерде қаза болды. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды", - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Қазір күдіктіге қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети