Қаза тапқан Мария Фадееваның ағасы қайғылы оқиғадан кейін сұхбат берді, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Мария Фадеева белгілі хоккейші Евгений Фадеевтің әйелі болатын.
Қаза тапқан Мария Фадееваның ағасы қайғылы оқиғадан кейін сұхбат берді, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Мария Фадеева белгілі хоккейші Евгений Фадеевтің әйелі болатын.
Максим Беляевтің айтуынша, ол қарындасымен кездеспек болып, онымен оқиғадан бір сағат бұрын сөйлескен екен. Кейін 30 жастағы әйелдің денесін оның күйеуі тауып алады. "Мен онымен қайғылы оқиғадан бір сағат бұрын сөйлестім. Ол менің өтінішіммен үйінен шығуы керек болған, өз күйеуін күтіп отырған болатын. Оқиға сол кезде болса керек. Қазір бұл туралы айту қиын, сезімімді жеткізе алмаймын. Біз үшін орны толмас қайғы болды. Бес және екі жасар балалары қалды. Маша көңілді адам болатын, ешкімге жамандық тілемейтін", - деді ол.
Максим Беляев отбасының элиталды үйде тұрса да онда бақылау камерасының болмағанын айтты. Сондықтан да Фадеевтің үйіне кімнің кіргенін анықтау қиын. "Элиталды үй болғанымен мұнда кіріп-шығу оңай. Ол адамдар үйге кіріп, ойларын жүзеге асырған. Тергеу жүргізіледі, қалай болғанын білетін боламыз", - деді Беляв.
Видеосюжет
Еске сала кетейік, Өскеменде хоккейші Евгений Фадеевтің әйелін белгісіз біреулердің өлтіріп кеткені хабарланған болатын.
© Facebook