15 қазан 2015 10:45

Өскеменде хоккейші Евгений Фадеевтің әйелін белгісіз біреулер өлтіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Өскеменде белгілі хоккейші Евгений Фадеевтің әйелін белгісіз біреулер өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өскеменде белгілі хоккейші Евгений Фадеевтің әйелін белгісіз біреулер өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 1985 жылғы Мария Фадееваның өлу дерегі 14 қазанда кешке расталды. Қазір құқық қорғау органдарының қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған адамды іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркеуге алынды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының хоккейшісі Евгений Фадеев өскемендік "Торпедо" клубында өнер көрсетіп жүр. Бұған дейін спортшы "Номад", "Сарыарқа" және "Барыс" клубтарында ойнады. Мария Фадееваның туған інісі Максим Беляев те ұлттық құраманың ойыншысы. Қазіргі кезде ол Қарағандының "Сарыарқа" клубында өнер көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети