26 желтоқсан 2014 17:02

Мас адам Алматыда жол полицейін ұрып-соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Automag.kz ©Automag.kz

Мас жаяу жүргінші Алматыда жол қозғалысын реттеуші полицейді ұрып жықты, - деп хабарлайды Lafa.kz.


Мас жаяу жүргінші Алматыда жол қозғалысын реттеуші полицейді ұрып жықты, - деп хабарлайды Lafa.kz.

Оқиға 25 желтоқсанда кешке Сейфуллин даңғылының Райымбек даңғылымен қиылысына жақын жерде болды. Куәгер тәртіп сақшысы мен ер адамның төелесе жөнелген әрекетін видеоға түсіріп алды. 

Алматы ІІД бұл деректі растады. "Жол-патруль қызметінің инспекторы Сейфуллин-Райымбек даңғылдарының қиылысында жаяу жүргінші жолын реттеп тұрды. Мас адам полицейдің талабына бой ұсынбай, жолдан өткісі келеді. Тәртіп сақшысының ауызша айтқан ескерткен кезде ер адам оған жұдырық ала жүгірді. Төбелес болды. Кейін оқиға орнына полиция жасағы келіп, ер адамды тыныштандырды. Ол полиция бөлімшесіне жеткізілді", - деді ІІД полицейлері.

Мас адамға Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 321-бабы бойынша ("Билік өкіліне қарсы күш қолдану") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұлай болған жағдайда ол 200-ден 500-ге дейін айлық есептік көрсеткішінде айыппұл төлейді немесе алты айға қамалады немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети