17 маусым 2020 19:14

"Маскүнемдігі үшін". Алматы облысында ер адам туған інісін өлгенше ұрып-соққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрынан Видео кадрынан

Алматы облысында ер адам өзінің туған інісін маскүнемдігі мен "адамгершілікке жат өмір сүргені" үшін өлгенше ұрып-соққан, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы облысында ер адам өзінің туған інісін маскүнемдігі мен "адамгершілікке жат өмір сүргені" үшін өлгенше ұрып-соққан, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шелек ауылы ауруханасының жан сақтау бөліміне ұрып-соғылған күйде 62 жастағы жергілікті тұрғын түсіп, есін жыймастан көз жұмған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша тіркелді.

"Бастапқыда қылмыс бойынша ешқандай айғақ болмады. Зардап шегушіні алып кеткен үйде ешбір төбелес іздері болған жоқ. Көрші тұратын ағасы, сағат 01.00 шамасында оның еденде жатқан жарақаттары бар денесін көріп, дереу жедел жәрдем шақырғанын айтқан. Оның пікірінше, ұрып-соғу оқиғасы үйден тыс жерде болған", - дейді Еңбекшіқазақ аудандық Полиция басқармасының бастығы Талғат Сейілханов.

Бірақ тергеуші Денис Олшанский логикалық дәлелдердің дедукциясын пайдалана отырып, қалмыстық істі жедел түрде ашқан. Ол жауап алу барысында күдіктіге бір-біріне жанама айғақтар ұсынып, оны әшкерелеген.

"Күдікті оларды жоққа шығара алмады. Оның сөзінше, ол ағасының өлгенін қаламаған. Тек маскүнемдігі, адамгершілікке жат өмір ұстанғаны және түнгі қыдырыстары үшін сабақ бермек болған. Гир спортымен айналысқан ол, үлкен физикалық күшке ие бола отырып, өзінің соққысын есептей алмаған. Ол өз өкінішін білдірді. Күдікті інісін ұрғаннан кейін, барлық ізді мұқият жойып, полицейлерді алдап, жазадан құтылмақ болған", - деді Сейілханов.

Күдікті қамаққа алынған. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін іс сотқа жіберіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети