Алматы облыстық ІІД өкілдері Іле аудандық Байсерке ауылының №9 мектебіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облыстық ІІД өкілдері Іле аудандық Байсерке ауылының №9 мектебіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өткен жылдың 24 желтоқсанында 2003 жылғы оқушының ата-анасы Іле аудандық ІІБ-ге хабарласып, оқушылардың көзінше баласын ұрып-соққан мұғалімнің үстінен арызданды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс соталды тергеу кезеңінде", - деді Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Айман Мырзекова.
Мұғалім бұл бап бойынша екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл арқалауы, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеулуі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Осыған мұғалімнің жұмыстан қуылғаны хабарланған болатын. Еске салайық, оқиға 23 желтоқсанда болған. Видеодағы әйел Іле ауданы Байсерке ауылындағы №9 мектептің химия пәнінің мұғалімі болып шыққан. Сөйтсек, бала мен химия пәні мұғалімінің қызының арасында төбелес болыпты. Қыз осы мектепте оқыған. Әйел үзіліс кезінде келіп, баланы ұрып-соғыпты.