Сабақ үстінде оқушыны сабаған мұғалім жұмысынан қуылды

09 Қаңтар 2017, 11:38
0
Сабақ үстінде оқушыны сабаған мұғалім жұмысынан қуылды -

Алматы облысында оқушылардың көзінше бір баланы сабаған мұғалім жұмысынан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, оқиғаның видеосы таяуда әлеуметтік желілерде пайда болған еді.

Алматы облысы білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлованың айтуынша, оқиға 23 желтоқсанда болған. Видеодағы әйел Іле ауданы Байсерке ауылындағы №9 мектептің химия пәнінің мұғалімі болып шыққан. Сөйтсек, бала мен химия пәні мұғалімінің қызының арасында төбелес болыпты. Қыз осы мектепте оқыған. Әйел үзіліс кезінде келіп, баланы ұрып-соғыпты.

"Келесі күні, 24 желтоқсанда балаға қол көтергені үшін жұмыстан шығарылды", - деді Ләззат Базарқұлова.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай