Мереке қарсаңында Маңғыстауда әшекей бұйымдары жиі ұрланды

10 Наурыз 2014, 18:55
0
Мереке қарсаңында Маңғыстауда әшекей бұйымдары жиі ұрланды - ©Руслан Шақабаев
©Руслан Шақабаев
Әйелдер мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысында бағалы әшекейлер ұрлығы күрт көбейіп кетті деп хабарлайды Lada.kz құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, Түпқараған ауданындағы Сайын ауылының 35 жастағы тұрғыны өз үйіне ұры түсіп, алтын әшекейлерін ұрлап әкеткенін айтқан. 7 наурыз күні үйге терезеден кірген ұрылар жалпы құны 450 мың теңге болатын бұйымдарды жымқырған. Сол күні осы ауылдың тағы бір тұрғынының үйіне ұры түсті. "Бұл үйден ұрылар алтын сағаттар мен басқа да алтын әшекейлерді және Canon фотоаппаратын ұрлаған. Шығын көлемі 350 мың теңге болды", - деп жазады Lada.kz.

Жаңаөзен қаласында 46 жастағы әйел алтын әшекейлерінен айырылып қалды. Ұрылар пластик терезені майыстырып, ішке кірген. Қолды болған бұйымдардың жалпы құны - 200 мың теңге. Алтын әшекейлер ұрлығы облыс орталығында да тіркелді. Қаланың 14-ықшамауданы тұрғынының үйінен 150 мың теңгенің бұйымдары ұрланды.

Мереке қарсаңында барлығы 10-нан астам ұрлық тіркелген. Жергілікті құқық қорғау қызметкерлері бұл деректер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай