12 желтоқсан 2017 13:54

Метро құрылысы кезіндегі ақша жымқыру: МКД өкілдері істің неге ұзақ тергеліп жатқанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматы Мемлекеттік кіріс департаментінің Алдын алу жұмыстары және бақылау басқармасының жетекшісі Абылай Мырзаханов "Алматыметроқұрылыстан" 7,7 миллиард теңгеден аса қаржыны жымқыру ісі неліктен бір жыл тергеліп келе жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Алматы Мемлекеттік кіріс департаментінің Алдын алу жұмыстары және бақылау басқармасының жетекшісі Абылай Мырзаханов "Алматыметроқұрылыстан" 7,7 миллиард теңгеден аса қаржыны жымқыру ісі неліктен бір жыл тергеліп келе жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Бірнеше себеп бар, сараптамаларды тағайындау бойынша қиындықтар, сондықтан тергеу мерзімі ұзарып отыр, көлік прокуратурасының тікелей қадағалауында", - дейді Мырзаханов "ЭТҚ-ның 2017 жылдың 11 айында жүргізген жұмыс қорытындысы" атты баспасөз мәслихаты кезінде. 

Абылай Мырзаханов тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеудің мән-жайын аша алмайтынын ескертті. 

"Толық ақпаратты қылмыстық іс пен айыптау актісі аяқталғанда ұсынамыз", - деп атап өтті ол. 

Мұның алдында Жетісу көлік прокуратурасының өкілдері де Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында "Алматыметроқұрылыстың" лауазымды тұлғаларына қатысты ақпаратты аша алмайтынын мәлімдеген. 

Шілдеде прокуратура істің ҚР ҚК-нің 1997 жылғы редакциясымен 176-баптың 4-тарауының "б" тармағында қарастырылған (аса ірі көлемдегі өзгенің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) мемлекет қаржысын жымқыру бойынша тергеліп жатқанын мәлімдеген.

Еске салайық, бұл "Алматықұрылыста" ақша жымқыру бойынша бірінші даулы оқиға емес екенін айта кетейік. 2016 жылы кәсіпорынның бұрынғы директоры Мұрат Өкшебаев тоғыз жылға, директордың орынбасары Ербол Қалдыбаев және кәсіпкер Константин Антипов сегіз жылға сотталған болатын. Сонымен қатар, сот сотталушылардан шығынды өтеу үшін екі миллиард 503 миллион теңге өндіру туралы үкім шығарған болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети