29 желтоқсан 2021 09:39

ММА файтерін ұрып-соққан талғарлық тұрғынға іздеу салынды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнебақылау камераларынан алынған кадр Бейнебақылау камераларынан алынған кадр

Полиция қызметкерлері Талғарда ММА файтерін ұрып-соққан төртінші айыпталушыны іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Полиция қызметкерлері Талғарда ММА файтерін ұрып-соққан төртінші айыпталушыны іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, 17 маусымда Талғарда аралас жекпе-жектен бірнеше рет жеңімпаз атанған 37 жастағы жергілікті тұрғынға және ережесіз жекпе-жек бойынша жаттықтырушыға шабуыл жасалған еді. Белгісіз біреулер спортшыны куәгерлердің көз алдында ұрып-соғып, ұрлап кеткен.

"Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода төрт адам ер адамды сүйреп, ұрып жатқанын көруге болады. Содан кейін көлікке отырғызып, алып кетеді. Дене жарақаттарының нәтижесінде жәбірленуші Талғар аудандық ауруханасына жатқызылды", - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері төрт шабуылдаушының жеке басын анықтады. Үшеуі ұсталды.

"Бүгінде күдіктілердің үшеуі ұсталып, қамауда отыр. Төртінші айыпталушы, Талғар қаласында тұрған 31 жастағы Нұрмұхамет Сұлтанбековке іздеу жарияланды. Оның орналасқан жері туралы білетіндерден 102 немесе (7277) 43-06-24 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз", - деп мәлімдеді ведомство қызметкері.

"Қазір екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс аяқталып, 20 желтоқсанда айыптау туралы актіні бекіту үшін прокурорға жіберілді. Жақында Нұр-Сұлтан қаласында ұсталған үшінші күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети