"Мойнына пышақ кірген". Алматыда жанармай бекетінің кассирі шабуылдан аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мойнына пышақ кірген". Алматыда жанармай бекетінің кассирі шабуылдан аман қалды Иллюстрациялық фото: ya62.ru

Алматыда жанармай бекетінің кассирін пышақтап, кассадағы ақшаны қолды қылған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жанармай бекетінің кассирін пышақтап, кассадағы ақшаны қолды қылған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Күдікті алысқа ұзамай ұсталған. Қаскөй кассирдің жақын танысы екен. Бекет қызметкері жапа шеккен әріптесінің әрекетін түсіндіруге тырысты.

"Ана кісіден келіп тамақ сұраған. Ол сосын тамақ жылытып, тамақ берген. Кінәсі сол", - дейді жанармай құю бекеті қызметкері Қарлығаш Шайдарова.

Телеарна мәліметінше, полицияның мәліметі басқа. Сақшылар кассир мен қаскөйдің бөтелкелес болғанын айтады. Сол күні екеуі әдеттегідей арақ ішкен. Сол жерде күдікті танысынан ақша сұрапты. Ал қарызды ала алмаған соң тамағынан, шүйдесінен екі мәрте пышақ сұққан. 40 мың теңгемен із суытқан күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ал оңбай жараланған кассир ауруханада жатыр. Ақ халаттылар пышақ 54 жастағы азаматтың күре тамырына бір миллиметр ғана жетпей қалғанын айтады.

"Бізге мойнындағы пышағымен, ауыр жағдайда келіп түсті. Шұғыл түрде ота жасадық. Қазір жағдайы қалыпты. Бір аптадан соң үйіне жібереміз", - деді хирург Арсен Семенов.

Полицейлер Алматыда жанармай құю бекетіндегі шабуылдың видеосына қатысты пікір білдірді

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети