1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Полицейлер Алматыда жанармай құю бекетіндегі шабуылдың видеосына қатысты пікір білдірді

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда жанармай құю бекетіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жанармай құю бекетіне жасалған шабуылдың видеосы тарап жатыр. Полицейлер бұл оқиғаның Алматыда болғанын растады. Төтенше жағдайдан кассир-күзетші зардап шеккен.

"Таныс екі ер адам жұмыс уақытында жасырын түрде ішімдік ішіп жүрген. Сол күні 39 жастағы ер адам әдеттегідей жанармай құю бекетіне досына келген, содан екеуі іше бастаған. Бірде ол бекетте жұмыс істейтін досынан ақша сұраған, бірақ ол ақша беруден бас тартқан. Сол кезде ол досының мойнына пышақ салған. Салдарынан ер адам орнынан құлаған да, қаскөй одан ақша тұрған жерді көрсетуді талап еткен. Кассадан 40 000 теңге алып кетіп, оқиға орнынан жасырынған", - дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсанов.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында.

Доллар арзандады