Алматыда жанармай бекетінің кассирін пышақтап, кассадағы ақшаны қолды қылған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Алматыда жанармай бекетінің кассирін пышақтап, кассадағы ақшаны қолды қылған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Күдікті алысқа ұзамай ұсталған. Қаскөй кассирдің жақын танысы екен. Бекет қызметкері жапа шеккен әріптесінің әрекетін түсіндіруге тырысты.
"Ана кісіден келіп тамақ сұраған. Ол сосын тамақ жылытып, тамақ берген. Кінәсі сол", - дейді жанармай құю бекеті қызметкері Қарлығаш Шайдарова.
Телеарна мәліметінше, полицияның мәліметі басқа. Сақшылар кассир мен қаскөйдің бөтелкелес болғанын айтады. Сол күні екеуі әдеттегідей арақ ішкен. Сол жерде күдікті танысынан ақша сұрапты. Ал қарызды ала алмаған соң тамағынан, шүйдесінен екі мәрте пышақ сұққан. 40 мың теңгемен із суытқан күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ал оңбай жараланған кассир ауруханада жатыр. Ақ халаттылар пышақ 54 жастағы азаматтың күре тамырына бір миллиметр ғана жетпей қалғанын айтады.
"Бізге мойнындағы пышағымен, ауыр жағдайда келіп түсті. Шұғыл түрде ота жасадық. Қазір жағдайы қалыпты. Бір аптадан соң үйіне жібереміз", - деді хирург Арсен Семенов.
Полицейлер Алматыда жанармай құю бекетіндегі шабуылдың видеосына қатысты пікір білдірді