Елордада "Нұр-Астана" мешітінде қалтасында телефон болған күртесінен айырылып қалған жігіт ұрыны кешірді. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордада "Нұр-Астана" мешітінде қалтасында телефон болған күртесінен айырылып қалған жігіт ұрыны кешірді. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, мешітке келуші күртесін арнайы орынға қойған, алайда кейін киімін таппай қалған.
"Сот отырысы кезінде тараптар медиациялық келісімге келген. Есіл ауданының № 2 сотының шешімімен тараптардың келісімге келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.