1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Нұр-Сұлтанда 70 жастағы зейнеткер ұрлық жасады деген күдікке ілінді26 қыркүйек 2020, 11:26

©Pixabay.com ©Pixabay.com

Нұр-Сұлтанда 70 жастағы зейнеткер телефон ұрлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеушілердің болжауынша, ер адам кафеде отырған отбасының үстелге ұялы телефондар қойғанын көрген. Ол мұны пайдаланып, шығар жолда өзімен бірге жалпы құны 150 мың теңге болатын екі смартфонды алып кеткен.

Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол бұрын ұрлық үшін сотталған екен.

Ұрланған телефондар тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Соталды тергеу жүріп жатыр, зейнеткер кінәсін мойындады.

Полицейлер қазақстандықтардан аса мұқият болуды және жеке заттарын қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!