18 сәуір 2022 18:03

Нұр-Сұлтанда ер адам 25 миллион теңгенің "синтетикасымен" ұсталған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Нұр-Сұлтандағы орманда "синтетикамен" есірткі сатушы ұсталған , - деп хабарлайды Polisia.kz.


Нұр-Сұлтандағы орманда "синтетикамен" есірткі сатушы ұсталған , - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордадағы патрульдік полиция жасағы қала шетіндегі Қарағанды тасжолында кезекшілік етіп тұрғанда, жол маңындағы орман белдеуімен жүріп, айналасын телефонға түсірген жас жігітке назар аударған.

Құқық қорғау органдарының өкілдері оны тоқтатқан. Оның жүрген бағыты мен орманда жүрген себебі қызығушылық тудырған. Ол зираттан келе жатқанын айтқан. Ер адам қобалжып тұрғаны байқалған.

Аумақты тексерген полицейлер ағаш астына жасырылған байламды тапқан. Қапта бір келіден аса "мефедрон" және "Альфа-РVР" синтетикалық есірткілері болған.

Полицейлердің деректері бойынша, ұсталған азамат "синтетиканы" Алматыдан Нұр-Сұлтанға жеткізген және осында сатуды жоспарлаған. Қазір осы дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Елордалық Полиция департаменті мәліметінше, тәркіленген есірткі құралдарының саны алты мыңнан аса бір реттік доза, олардың қара нарықтағы құны - 25 миллион теңге.

2022 жылдың басынан бері елордада заңсыз айналымнан 30 келіден аса синтетикалық есірткі тәркіленген. Полицейлер синтетикалық есірткінің адам ағзасына тигізетін зияны туралы ескертті.

"Есірткі қылмысына қарсы күресте сату, есірткіні жарнамалау және елорда арқылы транзиттеу деректерін анықтауға баса назар аударылады. "Нұр-Сұлтан - есірткісіз қала" деген жаңа бағдарлама әзірледік, есірткіге қарсы іс-қимылды күшейту бойынша бірқатар іс-шара көзделді", - деп атап өтті Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети