07 маусым 2022 17:13

Нұр-Сұлтанда ХҚКО қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған №2 орталық қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған №2 орталық қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс жүзінде емтихан тапсырмай, жүргізуші куәліктерін бергені үшін заңсыз сыйақы алу, автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қою дерегі бойынша автокөлік иелеріне арналған халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған №2 орталық қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты соталды тергеуді бастады", - делінген хабарламада.

Қазір қылмыстық іс бойынша бірқатар шұғыл тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейтіні айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети