02 ақпан 2022 09:16

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем қызметкері лифт батырмасын аяқпен басқаны видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото: ©Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде "Ақ дидар" тұрғын үй кешенінде жедел жәрдем қызметкерінің киімін киген адамның лифт батырмасын аяқпен басқаны түсірілген видео тарады. Кадр тарағаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері тәртіп бұзушыны тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқырмандар бізге хат жазып бұл видеоның кеше түстен кейін "Ақ дидар" тұрғын үй кешенінде түсірілгенін, бұл әрекеттің себебі белгісіз, Астана полициясынан түсініктеме күтеміз", - деп жариялады Astanovka98 Telegram арнасы.

"Полиция аталған дерекке қатысы бар 24 жастағы фельдшерді анықтады. Ұсақ бұзақылық жасаған азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды", – деді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нұр-Сұлтан қ. ПД (@police_nur_sultan)

Айта кетейік, мұндай әрекетке барған адам ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

"Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғын үйлерді қорлап, қоғамдық тәртіпті бұзған осыған ұқсас әрекеттер үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді", - делінген полиция хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети